Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі

Бүгiн даңқты жерлесiмiз, батыр, академик, жазушы, қоғам қайраткерi Мәлiк Ғабдуллиннiң туғанына 104 жыл толып отыр. Осындай айтулы күнi «Даңқ» аллеясында жылдағы дәстүрден жаңылмай батыр ескерткiшiне гүл шоқтарын қою рәсiмi өттi.

Мақсаты: Қазақ халқының бiртуар батыр ұлдарының бiрi, даңқты жерлесiмiз Мәлiк Ғабдуллиндi еске алу, Мәлiк батырдың ерен ерлiгiн жас ұрпаққа кеңiнен насихаттау болып табылады.

Iс-шараға Ұлы Отан соғысы мен ауған соғысының ардагерлерi, қоғамдық бiрлестiктердiң, мәдениет мекемелерiнiң және қорғаныс департаменттерiнiң басшылары, Көкшетау техникалық институтының курсанттары, «№3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп- гимназиясының жанынан құрылған «Жас Ұлан» әскери-патриоттық клубының мүшелерi мен БАҚ өкiлдерi қатысты

Батыр ескерткiшiне гүл шоқтарын қою рәсiмiнде Көкшетау техникалық институтының басшысы, Азаматтық қорғау полковнигi, С.Д.Шәрiпханов, Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары Б.Ә.Жүсiпов, Ақмола облыстық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Ғ.Төлеғұл сөз сөйлеп, М.Ғабдуллиннiң ерлiктерiн, халқы үшiн атқарған еңбектерiн, ұрпаққа үлгi боларлық асыл қасиеттерiн құрметпен еске алып, дәстүрлi түрде осындай шараларды ұйымдастырып отырған музей ұжымына алғыстарын бiлдiрдi.

Iс-шара жиналған қауымның батыр рухына тағзым етiп, ескерткiшке гүл шоқтарын қою рәсiмiмен аяқталды.

15.11.2019

Қараулар: 1100

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау