Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Мәлік Ғабдуллиннің туған күніне орай «Батырға тағзым» М.Ғабдуллиннің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі

2021 жылдың 15 қараша күні Кеңес Одағының батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 106 жыл толды. Осыған орай «Даңқ» аллеясында батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Мақсаты: Қазақ халқының біртуар батыр ұлдарының бірі, даңқты жерлесіміз Мәлік Ғабдуллинді еске алу, Мәлік батырдың ерен ерлігін жас ұрпаққа кеңінен насихаттау болып табылады.

Іс-шараға М.Ғабдуллиннің шәкірті Серік Негимов пен Бауыржан Момышұлының немере інісі Бекет Момынқұл, Ақмола облысы мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының басшысы А.Сәбитова, ауған соғысының ардагерлері, қоғамдық бірлестіктердің, мәдениет мекемелерінің және қорғаныс департаменттерінің басшылары, Азаматтық қорғаныс академиясының курсанттары және «№3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп- гимназиясының жанынан құрылған «Жас Ұлан» әскери-патриоттық клубының мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара жиналған қауымның батыр рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімімен аяқталды.

15.11.2021

Қараулар: 1233

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау