Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Батырлық салты – ұрпақ сабақтастығы»

30 қаңтар – Мәлік Ғабдуллинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілген күн. Бұл Алтын жұлдыздың бағасы қазақ халқы үшін өте қымбат. Соғыс басталған күннен бастап небір ерен ерлікті көрсеткен қазақ жауынгерлерінің қаһармандығы дәл осы күні мойындалған болатын. Содан да М.Ғабдуллин «Батыр атағына ие болған мен емеспін. Ол қазақ халқына берілген атақ.» - деп айтқан болар...

       Осы айтулы күнге орай Мәлік Ғабдуллин музейі жылдағы дәстүрден жаңылмай, Мәлік Ғабдуллин атындағы Көкшетау Техникалық Институтымен бірлесіп батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.

30.01.2021

Қараулар: 746

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау