Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Алыпты туған – Ана

26-27 маусым күндерi Мәлiк Ғабдуллин музейiнiң қызметкерлерi Жақсы ауданы Ешiм (Баубек батыр) ауылында iссапармен болып қайтты.

Еске сала кетейiк, 2016 жылдан бастап, Қазақ халқының мақтанышы, елдiң тiрегi болған батырларымыздың ерлiгi мен өмiрiн насихаттау, жергiлiктi жердiң тарихы, белгiлi тұлғалары туралы тарихи деректер жинау мақсатынада "Батырлар туған бақ мекен" атты жоба қолға алынған болатын. Жоба аясында Талғат Бигелдинов, Сағадат Нұрмағанбетов, Рахымжан Қошқарбаев және Қарауыл Баубек батыр туған тағы да басқа өңiрлерге ғылыми экспедиция жасалған.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында киелi жерлер қатарына енген нысандардың бiрi — Баубек Батыр бейiтi. Аталған қаһарманның қилы тағдыры туралы зерттеу жұмыстары одпн әрi жандана бастады. "Жақсының жақсысы — Баубек батыр" кiтабы, деректi фильм, 2017 жылдан бергi өткiзiлген ғылыми конференциялар мен iс-шаралар соның нәтижесi. Бұл жолы музей қызметкерлерiнiң араласуымен Бесобадағы ескi қорымда жерленген Баубек батырдың анасы Шұға Болтанқызының бейiтiне құлпытас орнатылды.

Онда:

Сәуегей болған екен Шұға анамыз,

Тәу етер үзiлген жоқ шұбаған iз.

Қастерлеп қасиеттi аруағын,

Ел-жұрты әлi күнге қылады аңыз.

 — деген өлең жолдары жазылған.

Осы жолы Мәлiк Ғабдуллин музейi қызметкерлерi Ел анасының рухына арналған "Алыпты туған — Ана" атты iс-шара өткiзiп, ел жұрты жиналып құран бағыштап, дұға жасады.

27.06.2019

Қараулар: 1072

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау