Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Әлия – батыр қызы сен халқымның!»

8 мамыр күнi Мәлiк Ғабдуллин музейiнiң ғылыми қызметкерi Аққу Есжанова Ұлы Жеңiстiң 74 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры, қазақтың ер жүрек, мерген, батыр қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 95 жыл толуына орай №5 "Таңдау" көппрофильдi мектеп гимназиясында «Әлия — батыр қызы сен халқымның!» атты дәрiс оқыды.

Мақсаты: Ұлы Отан соғысында туған жерiн қорғаған аты аңызға айналып, ерлiк iстерi барша ұлтты таң қалдырған қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың өмiрiн және ерлiк iстерiн қазiргi жас ұрпаққа үлгi ету, қазақтың батыр қызының есiмiн дәрiптеу арқылы оқушылардың бойына патриоттық сезiм ұялату.

Дәрiс барысында оқушылар назарына Әлия Молдағұлова туралы арнайы дайындалған слайд пен бейнеролик көрсетiлiп, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берiлдi.

08.05.2019

Қараулар: 1246

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау