Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Алғыс айту — парызым

С.Жүнiсов атындағы №18 орта мектеп-лицейiнде 1 наурыз –Алғыс айту күнiне орай «Алғыс айту — парызым» тақырыбында Мәлiк Ғабдуллин музейiнiң ғылыми қызметкерлерi тағылымды iс-шара өткiздi.

1-шi наурыз — қиын-қыстау кезеңде Қазақ елiнен пана тауып, өсiп-өнген өзге ұлт өкiлдерi бүгiнгi өмiр сүрiп жатқан бейбiт күндерi үшiн қазақ халқына құрметтерiн бiлдiрiп, алғыстарын жеткiзетiн күн.

Музейдiң ғылыми қызметкерi Ж.Қажыбай iс шараның негiзгi мақсаты Алғыс айту мерекесiнiң негiзгi идеясын, шығу тарихын баяндап дәрiс оқыса, Оралбек Есiмұлы М.Мақатаевтың «Үш бақытым» және А.Темiрбайдың «Анаға рахмет» өлеңдерiн оқып бердi.

Ал өз кезегiнде мектептiң 6-шы сынып оқушылары ата-аналарына, Отанға, құрбы-құрдас, достарына, қоршаған ортаға жан жүректерiмен алғыстарын бiлдiрдi.

Жас ұрпақты бiлiм нәрiмен сусындатып, балалардың бойында отансүйгiштiк қасиет қалыптастыру жолында аянбай тер төгiп жүрген мектеп ұстаздарына шәкiрттерi алғыстарын өлеңмен, өнерiмен жеткiздi.

Iс-шараға мектеп-лицейде iс-тәжiрибеден өтiп жүрген Ш.Уәлиханов атындағы университеттiң 1-шi курс студенттерi де қатысып, қызықты мерекелiк көңiл-күй сыйлаған музей ұжымына алғыстарын бiлдiрдi.

01.03.2022

Қараулар: 1061

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау