Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Абай даналығы сал-серiлер мекенiнде»

Абай хакiмнiң 175 жылдық мерейтойын тойлау Мәлiк Ғабдуллин музейiнiң мұрындық болуымен, 31 қаңтар күнi Бiржан сал ауданы Степняк қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы орта мектеп оқушылары мен музей қызметкерлерiнiң қатысуымен "Жүрегiмнiң түбiне терең бойла" атты əдеби-танымдық кешпен басталды. Мектеп оқушыларына тапқырлықты талап ететiн түрлi оқыс сынақтар ұйымдастырылып, сынақ нәтижесiнде мектеп оқушыларының Абай шығармашылығымен қаншалықты таныс екендiгiн зерделеп, олардың тапқырлықтары мен зеректiгiне сүйсiне қарадық.

Осылайша басталған шара Бiржан сал аудандық мәдениет үйiнде Мәлiк Ғабдуллин музейiнiң ұйымдастыруымен және Бiржан сал ауданының әкiмi Ермек Нұғымановтың қолдауымен, мәдениет және оқу бөлiмдерiмен бiрлесiп "Құтты қонақ"жобасы аясында «Абай даналығы сал-серiлер мекенiнде» атты әдеби сазды кешпен қорытындыланды.

Кеш сөздiң пiрi Абай хакiм мен әннiң пiрi Бiржан салдың өмiрдегi кездесулерi көрiнiс тапқан прологпен басталды. Iс-шара барысында Бiржан сал ауданының әкiмi Ермек Нұғыманов пен Мәлiк Ғабдуллин музейiннiң директоры Құдайберлi Мырзабек құттықтау сөз сөйлеп, осындай ғибратты шаралар арқылы Абайдың әлемiне терең бойлай алатындығымызды тiлге тиек еттi.

Осы жобаны жоғары деңгейде жүзеге асыруға үлес қосқан барша шығармашылық ұжымға, әсiресе Бiржан сал аудандық мәдениет үйi мен бiлiм бөлiмдерiне шын жүректен ризашылығымызды бiлдiремiз.

«Құтты қонақ» жобасы әлi де өз жалғасын табады. Жоба барысында түсiрiлген бейне жазбалар жыл аяғында деректi фильмге өзек болмақ.

31.01.2020

Қараулар: 1122

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау